Дегенмен, сақтық шараларын сақтау керек.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, вирустық инфекция мен тұмауға шалдыққан 65 адам ауруханада емделіп жатыр. Оның ішінде 25 сәби, 10 жүкті әйел бар. Ауыр жағдайлар жоқ.
– Коронавирус бойынша да жағдай тұрақты. Қазір бір болашақ ана коронавирустан емдеуді аяқтап жатыр. Ол ЖРВИ-мен жатқызылып, ПТР сынамасы оң нәтиже берді. Жақын арада оны шығарады, – деп атап өтті Ізбасаров.
Pfizer вакцинасы аймаққа жеткізіледі деп күтілуде, бірақ нақты күні әлі белгісіз.
– Қаңтар айының басында ауруханаға жатқызылғандар саны 150-ден асты. Қазір науқастар екі есе аз. Бірақ ақтөбеліктер шараларды қатаң сақтап, қоғамдық орындарда бетперде киіп, үй-жайларды жиі желдетіп, дұрыс тамақтануы керек, – деп қосты басшының орынбасары.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылдың қырқыншы аптасынан биылғы жылдың үшінші аптасына дейін облыста 43 мыңнан астам ЖРВИ және 280 тұмаумен ауырғандар тіркелген.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды