Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Дрон арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды

Дрон арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды

Ақтөбеде дронның көмегімен бір тәулікте жол ережесін бұзған 8 жүргізуші анықталды, — AkтobeMedia.kz.
Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Республикалық «Самара-Шымкент» тас жолының бойында тәртіп сақшылары дронды пайдаланып кешенді жұмыс жүргізді.
Әуе арқылы іске қосылған бейнебақылау құрылғысы жол ережелерін өрескел бұзған және қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтауға көмектесті. Нәтижесінде тәулік ішінде 8 жол қозғалысы ережесін бұзушы анықталды.
Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 2-бөлігі бойынша » Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту ережелерін бұзу» бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында полицейлер автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау және қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігін еске салды. Болашақта мұндай іс-шаралар апатты-қауіпті учаскелерде жалғасатын болады.