Ернар Айдар қызды болды
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар сәбилі болды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Сүйінші ардақты ағайын! Алланың қалауымен қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым» деп жазды әнші.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншіні қуанышымен құттықтады. «Бауы берік болсын!», «Қызы бар үйдің берекесі бар» деп ақ тілектерін жазған.
Еске сала кетейік бұл әншінің үшінші қызы.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды