Хромтау ауданы Абай ауылдық округінде 49 жастағы ер адам жоғалып кеткен, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Абай ауылдық округі «Октябрь» шаруа қожалығында жұмыс істейтін 1974 жылғы азамат 21 ақпан күні мал іздеп шығып жоғалып кеткен. Хабар түскен бойда құтқарушылар іске кірісті. Ер адам келесі күні түстен кейін қожалықтан 18 шақырым жерден табылды.
Медициналық көмекті қажет етпеді.
Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды