Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Хромтаудың бұрынғы тұрғыны екі елден зейнетақы алып келген

Ақтөбелік әйел екі елден зейнетақы алып келген— деп хабарлайды Aqtobe Media.kz
Облыстық соттың баспасө қызметінің мәліметінше, азаматша 1995-2021 жылдар аралығында зейнетақы алып келген.
2000 жылы Ресей азаматтығын алып, сол елден де зейнетақы алған. Осы жағдай белгілі болғаннан кейін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оған заңсыз төленген, яғни 11 миллион теңгеден астам қаражатты қайтаруды талап еткен.
Сондай-ақ ол мемлекет кірісіне 354 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс.