Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Иранда қыз бен жігіт «Тегеран қақпасының» алдында билегені үшін 10 жылға қамалды

Иранда қыз бен жігіт «Тегеран қақпасының» алдында билегені үшін 10 жылға қамалды

Иранда 21 жастағы қыз бен оның 22 жастағы сүйіктісі билегені үшін түрмеге қамалды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.

Бұл туралы ВВС агенттігі жазды. Екі жас «Тегеран қақпасы» деп аталатын Иран астанасының символы атанған Азади мұнарасының жанында билеп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге салған. Осы үшін екі жас он жылға сотталды.
Яғни Астидж Хагиги мен Әмір Мохаммад Ахмади «азғындықты және қоғамдық жезөкшелікті насихаттағаны» және «ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында жиын өткізу» үшін кінәлі деп танылған.

Ал екі жастың биі Instagram әлеуметтік желісінде миллионнан астам қаралым жинапты.

Соңғы айларда Иран үкіметі әйелдердің құқығын қорғау үшін үгіт жүргізді деп есептейтін адамдардың соңына түсіп жатыр.
Жаппай шерулер өткен жылдың қыркүйегінде хиджабты дұрыс кимегені үшін 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталды. Ал жас қыз полиция бөлімшесінде көз жұмған болатын.