Елімізде өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады. Күріш – 2,9%, ұнтақ жарма, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық– 1,8%, қара бидай-бидай наны, жұмыртқа – 1,7%, сұлы жармасы, шошқа еті, айран —1,6%, сондай-ақ тауықтың төс еті, сүт, тұзды iрiмшiк, жемістер, ауыз су 1,4%-ға қымбаттаған. Ал құмшекер 1,9% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда жуу және тазалау құралдары қымбаттаған. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш – 1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.
Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды. Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі су бұру қызметінде байқалды. Яғни бұл — 0,2%.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды