Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Іздеуде жүрген Түркия азаматы Ақтөбеде ұсталды

Алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген Түркия азаматы Ақтөбеде ұсталды, деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезіне ер адамның ел аумағында болу мерзімін бұзғаны анықталды.
Шетелдікке ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.