Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізу және сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, «Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе бет кездесусіз алынып отырған.
Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды.
Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
Өлімге әкелетін «тауарды» Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды