Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Мұғалжар ауданында ауыл тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді

Ембі полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» ММ қызметкерлерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Тексеру кезінде ауыл тұрғынынан полиция қызметкерлері рюкзакқа салынған 76 ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сараптама тағайындалды.

Аталған баптың санкциясы үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.