Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абдуллин Maвр Ерғалиұлы, 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ол, 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі жоғары: 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесінің жұмысшысы болып бастаған.
1993 – 1995 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
1995 – 2012 жылдары Ойыл аудандық киножелісі дирекциясының директоры, Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жасаған.
2012 — 2022 жылдары Ойыл, Алға аудандарының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, «Ақтөбе Нефте Газ Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келеді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды