Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды

Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі 300 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров мәлімдеді, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл жөнінде партияның ресми сайтында жарияланды. Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында Болат Назарбаевқа тиесілі жалпы аумағы 244 гектар болатын 59 жер телімі анықталған.
—«АМАNАТ» партиясының Қоғамдық алаң ретінде әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару басты миссиясы деп білеміз! «Бармақ басты, көз қыстымен» жымқырылған халық ырыздығын қайтару жұмысын жүйелі жүргіземіз. Мәртебелі фамилияға, «бұрынғы еңбегіңізге», қалтаңыздың қалыңдығына қарамаймыз. Халықтың меншігіне қол салдыңыз ба? Қайтарасыз. Алмақтың да салмағы бар және ол ауыр», — деді Ерлан Саиров.
Сондай-ақ, жиын барысында партиялықтар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйін және партияның сайлауалды уәделерін жүзеге асыру жұмысын қарады.