Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Облыста 1251 адам көлігін заңдастырды

Облыста 1251 адам көлігін заңдастырды

Облыста шетелдік көлікті заңдастыру басталғаннан бері 5400 ден астам өтініш берілген, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда 1492 өтініш алдын ала мақұлданып, 1251 адам өз көліктерін сәтті заңдастырған. Оларға қазақстандық техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді.
Сондай-ақ автомобильдерді заңдастыруға байланысты арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі өзгерді. Енді мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабылдауды жүзеге асыратын арнайы ХҚКО дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Осы кесте бойынша орталық келушілерді 6 ақпанға дейін қабылдайды.
Сонымен қатар, CALL орталығы ұйымдастырылды. Онда 8(7132) 46-24-40 телефоны бойынша азаматтар көлік құралдарын заңдастыру мәселелері бойынша кеңес ала алады.