Облыста шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғаннан бері үш күнде 700-ден аса өтініш берілген , — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Қазіргі уақытта 270 өтініш алдын ала мақұлданды, 143 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмір берілді.
Естеріңізге сала кетейік, көлік өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген жағдайда, иелері қазақстандық нөмірді ала алады. Бұл ретте ол есептен шығарылуы және іздеуде болмауы, сондай-ақ қажетті кедендік рәсімдерден өтуге тиіс. Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.
Ақтөбе облысының тұрғындарына автомобильдерді заңдастыруға байланысты арнайы ХҚКО жұмыс кестесі өзгергенін хабарлаймыз. Енді мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қабылдауды жүзеге асыратын арнайы ХҚКО дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Осы кесте бойынша орталық келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайтын болады.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды