Ойыл, Қобда ауданында су тасқынының қаупі әлі сейілген жоқ, — деп хабарлайды AktobeMedia.kz
Тасыған Ойыл өзенінің суы сол маңдағы Қайыңды, Саралжын, Ойыл ауылдарының аумағына жеткен. Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың айтуынша, Ойыл—Қаратал көлік жолын су шайып кеткен. Қазіргі таңда жол қозғалсы тоқтатылды.
—Тасқын су аудандағы үш елді мекенге қауіп төндірді. Соның бірі — аумағы 19 гектар жер болатын Екпетал ауылы. Халықтың қауіпсіздігі үшін бүгін тұрғындар эвакуацияланды. Барлығы 105 адам аудан орталығындағы мектеп-интернатқа орналастырылды. Тамақ және жатын орынмен қаматамасыз етілді. Ауылдағы мал да қауіпсіз аймаққа көшіпілді. Жалпы су ауылға кірген жоқ. Дегенмен осылай сақтық шараларын жасап жатырмыз. Қосымша инертті материалдар әкелініп жатыр, — деді аудан әкімі.
Ауыл айналасындағы дамбылар нығайтылды. Техникалар жұмыс жасап жатыр. Ал Қаратал ауылын судан қорғау үшін ауыл маңында бөгет салынған.
Кәмшат ҚОПАЕВА.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды