24 қаңтарда Маресьев көшесінде Mazda көлігі өртенді, деп хабарлайды Aqtobe Media.
Капот астынан шыққан түтінді байқаған жүргізуші, Ақтөбе қаласының тұрғыны Батыр Мұқашев дереу тоқтап, өртті өз бетімен сөндіруге кірісті. Алайда өрт сөндіргіш қажетті сәтте істен шықты.
Жанынан өтіп бара жатқан патрульдік полициялар қиналған жүргізушіге бірден көмекке ұмтылды. Бірнеше минут ішінде өрт ауыздықталды.
Көлік иесі әлеуметтік желі арқылы тәртіп сақшылары – Аслан Есентаев пен Рысқали Қойшыбаевқа алғысын білдірді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды