Қыз-келіншектер сұлу болу үшін қымбат салондарға барудың қажеті жоқ. Елімізге танымал табиғи жолмен жасару тренері Гүлзада Жанбабайқызы AkobeMedia.kz тілшісіне сұлулықты сақтаудың құпиясын айтып берді.
Маманның айтуынша, күнделікті өмірде өзіне массаж жасап жүрген қыз-келіншектер ерте қартаюдың алдын алады. Ол үшін төмендегі видеода көрсетілген массажды жасап жүру керек.
—Күнде таңертең мойынға массаж жасау керек. Алдымен мойынның артын қыздырып алып керек. Содан кейін мойнның алдын екі жаққа қарай созу қажет. Жалпы массаждың пайдасы зор. Пышаққа түскенше сұлулықты массаж арқылы сақтауға болады, — дейді маман.
Бұл массажға көп уақыттың қажеті жоқ. Бар болғаны 5-7 минут кетеді. Ал нәтижесі керемет. Беттің салбырауын болдырмайды. Жастық бұлшық еттерді жақсартады. Екінші иек пен, ісіктің кетуіне ықпал етеді. Қан айналымын жақсартады. Беттің өңін келтіреді.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды