Облыста су тасқынының алдын алу үшін «Көктем-2023» республикалық командалық оқу-жаттығу басталды, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz
Оқу-жаттығуға облыс бойынша барлығы 487 техника, 1594 адам жұмылдырылған. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полицияның арнайы жасақтары, Ақтөбедегі ірі кәсіпорындардың авариялық-құтқару қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан сарбаздары және волонтерлар тартылды.
Жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу жиыны барысында құтқарушылар Жеңіс даңғылындағы көне көпірге демонтаж, Батыс-2, Әуе қалашығы аудандары мен Мағажан, Қызылжар, Ақшат тұрғын үй алаптарындағы арық, суағарларды қардан, мұздан тазартады, сондай-ақ, төменгі Қурайлыдағы, Құршасайдағы табиғи су арналарын тазартуға, мектепте арнайы шараларды атқаруға атсалысады.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды