Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Түркия мен Сирия шекарасында тағы да жер сілкінді


Түркия мен Сирияның шекарасында тағы да жер сілкінді. Магнитудасы 6,3-ті құрайтын зілзала жайлы жергілікті БАҚ хабарлап жатыр, — деп хабарлайды Aqtobe Media.kz
Риа Новости мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен 23:04-те Түркияның Антакья қаласынан 9, Сирияның Латакия аймағынан 75 шақырымда сезілген. Жерасты дүмпуінің ошағы екі шақырым тереңдікте орналасқан. «Аяқ астында жер қозғалды. Қатты дүмпулер болды, қираған заттар бар»,- деп хабарлады CNN Turk тілшісі.
Айта кетелік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында 7,5 балдық жойқын жер сілкінісі болып, 40 642 адам қайтыс болды. Сирияда 5800 адам көз жұмған. Жерасты дүмпулері 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясында сезілген.