Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Түркияда зілзаладан кейін жоғалып кеткен екі қазақтың денесі табылды

Түркияда зілзаладан кейін жоғалып кеткен екі қазақтың денесі табылды
Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін із-түссіз кеткен екі қазақстандықтың денесі табылды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Қазақстаннан барған құтқарушылар Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін түнде Хатайда толығымен қираған ғимараттың астынан Мирболат Құрмашевтың денесі табылды. Бұл туралы хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында жариялады.
Мирболаттың денесін үйінді астынан құтқарушылар алып шыққан. Олар арнайы ойық жасап, сол арқылы үйінді ішіне кірген. Ал кеше Хатайда жоғалып кеткен Әділ Қадырбековтың денесі табылған еді.