Telegram арқылы жиһад материалдарын таратқан ақтөбелік 6 жылға сотталды
Ақтөбеде Telegram арнасы арқылы қарулы жиһад материалдарын таратқан азамат бас бостандығынан айрылды, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Құқыққа қарсы контенті бар сайттарды тексеру мақсатында 2017 жылы «Киберқадағалау» жобасы іске қосылды. Оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтемелерді бұғаттады.
Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының «Youtube» бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым) веб-сілтемесін бұғаттады.
Сондай-ақ «Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысындағы ҰҚК департаменті Telegram мессенджері арқылы «қарулы» жиһад материалдарын таратқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.Сот үкімімен аталған адамға ҚК-нің 256-бабы (терроризді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді» деп жазылған хабарламада.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды