Тоқаев Үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жазды.
Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 7144-ге дейін өсті. 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл — елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды