Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Ырғыз ауданында екі басты бұзау туды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында екі басты бұзау туды, — деп хабарлайды AqtobeMedia.kz.
Нұра ауылында Қайсар есімді тұрғынның сиыры 10 наурыз күні екі басты бұзау туған. Тұрғынның айтуынша, бұзау бір күннен кейін өліп қалған. Бұзаудың екі басы, төрт көзі, екі ауызы бар.
—Қорқып, үрейленгеніміз жоқ. Бірақ таң қалдық, — дейді тұрғын.
Ал Нұра ауылдық округі ветеринарлық бөлімшенің меңгерушісі Өтеген Әмір екі басты бұзауды көрмеген.
—Аудан орталығында жүргенде оған малдың иесі хабарласып айтты. Суретін жіберді. Бірінші рет көргесін шошып кеткен болар, бауыздап тастапты. Өзім бұндай жағдайды бірінші рет көрдім. Әрі ауылда да бірінші рет болып тұр. Бұның нақты себебі белгісіз. Экологияның бұзылуы немесе сиырдың денесінде ақау болуы мүмкін. Қан сараптамасын алған жоқпыз. Жалпы бұндай жағдай шет елдерде кездесіп жатады. Қазір ештеңеге таңқалуға болмайды. Тіпті адамдардың арасында да осындай оқиғалар тіркеліп жатады, — дейді меңгеруші.