Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Жұбанов университеті алғаш рет U.S.-Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасының грантын иеленді

Жұбанов университеті алғаш рет U.S.-Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасының грантын иеленді

Қ. Жұбанов университеті U.S.-Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасының грантын иеленді, — дейді AkтobeMedia.kz
Қ. Жұбанов университеті, Сәтбаев университеті және АҚШ-тың жетекші зерттеу университеті Purdue University Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңеcтеріне (American Councils for International Education) бірлескен жоба жоспарын тапсырып, грант иегерлері тізіміне еніп отыр.
Жобаның басты мақсаты — академиялық трансформация жолындағы STEM оқыту әдістерін жетілдіру (“Leading Aacademic Transformation: Enhancing STEM instructional methods).
Жоба аясында екі университеттің STEM бағытындағы оқытушыларына Purdue University ұсынған онлайн курстары өткізіледі. Сонымен қатар, маусым айында практикалық курстарды Purdue Университетінің профессоры жүргізеді деп жоспарлануда. Жоба соңында Қазақстандағы STEM оқыту әдістері төңірегінде бірлескен зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Айта кетейік, U.S.-Kazakhstan University Partnership Program бағдарламасын 2017 жылдан бері Американдық кеңестер басқарады. Жобаны АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және АҚШ-тың Вашингтондағы Мемлекеттік департаменті қаржыландырады. Гранттардан басқа, бағдарлама негізінде академиялық жазу, зерттеу қызметі, АҚШ-тағы жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды жақсарту мүмкіндіктерін құру бойынша тренингтер, семинарлар мен дәрістер өткізіледі.