Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген авто несе бағдарламасы үшін Autonesie.kz платформасын пилоттық режимде іске қосады, деп хабарлайды AkтobeMedia.kz.
Платформа азаматтар үшін қолайлы болмақ. Яғни олар ұзын- сонар кезекте тұрмайды.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өтініш беру платформасы 6 ақпаннан бастап жұмысын бастайды.
Өтінімдерді қабылдау жеңілдіктетілген автонесиеге бөлінген қайтарымды қаражат жинақталған жағдайда ай сайын айдың бірінші жартысында жүргізілетін болады.
Өтініш беруші www.autonesie.kz. платформасында тіркелуі керек. Ол үшін өтініш беруші www.autonesie.kz сайтына кіріп, ЭЦҚ арқылы өтініш беру түймесін басады. Өтінім берген кезде өтініш берушінің сайттағы деректері ЭЦҚ арқылы автоматты түрде жасалады.
Өтініш беруші тек телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндірушісін таңдап, өтінімге қол қоюы керек. Бұдан әрі өтінімді тіркеу фактісін Өтініш беруші сайтта «Жеке кабинет» арқылы тексере алады.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары қандай?
— қаржыландыру сомасы — 10 миллион теңгеден аспайды;
— қаржыландыру мерзімі — 7 жылдан аспайды;
— бастапқы жарна — 0 пайыз;
— 1 автокөліктің құны — 15 миллион теңгеден аспауы керек.