Ақтөбенің Өндірістік аумағы маңындағы Жіңішке өзенінің маңына кәріз сулары төгілген, — деп хабарлайды АktobeMedia.kz.
Бейнежазба Instagram-дағы «Актобе дыши» парақшасында жарияланды. Видео авторының айтуынша, шұңқырларды кәріз су басып жатыр. Адамдардың өтуі мүмкін емес. Өтініш жергілікті полиция қызметінде тіркелген.
Бейнежазбаның астына «Aqtobe su-energy group» АҚ ресми парақшасы арқылы пікір жазған. Онда қажетті тексерулер жүргізу үшін кезекші бригада жіберілгені айтылған.
— Егер бұл жағдай біздің кәсіпорынның кәріз шаруашылығы объектісінің дұрыс жұмыс істемеуі себебінен орын алса, проблеманы жою бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілетін болады. Мамандардың қабылдаған шаралары туралы Instagram парақшасында қосымша хабарлаймыз, — деген кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Тағы да
Үйлерін су басқан Қаратал ауылының тұрғындары қазіргі жағдайын айтты
100 жаңа жоба көрмесінде ақтөбелік қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды
Ақтөбелік әйел араб көйлегін алам деп алданып қалды