Март 21, 2023

«Aqtobe Media» ақпараттық-талдау агенттігі

Жиенінің ұялы телефонын ломбардқа тапсырған ақтөбелік ұсталды

Жиенінің ұялы телефонын ломбардқа тапсырған ақтөбелік ұсталды
Ақтөбеде нағашысы жиенінің телефонын ломбардқа тапсырып, пайда көрмек болған, — деп хабарлайды AkтobeMedia.kz
Ақтөбеде туысы кәмелетке толмаған ұлының ұялы телефонын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін, оны ломбардқа тапсырғанын айтып әйел хабарласады.
Оқиға былай болады. Нағашысы 16 жастағы жиенінің IPhone-11 смартфонын ломбардқа тапсырып, жиеніне 1 сағат ішінде қайтып алып беремін деп, 120 мың теңге ақшасын алған. Осылайша пайда көрмек болады.
Полиция қызметкерлері 23 жастағы жігітті ұстады. Қазіргі таңда ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.